2015 жылдың 5 – маусым күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қабырғасында «Қосымша білім беру – мәселелер және мүмкіндіктер» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдары директорларының семинар-кеңесі өтті.
Ұйымдастырушылар: Білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.
Кеңестің күн тәртібінде үш сұрақ қарастырылды:
1. Қосымша білім беру ұйымдары директорларының баяндамасы.
2. «Сарыарка дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталық жұмысының қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы»
3. Облыстағы қосымша білім беруді дамытудың болашағы.
Бірінші сұрақ бойынша Қарағанды қаласының №2 балалар өнер мектебі директоры М.К. Мажитов, Саран қаласының жас техниктердің балалар станциясы директоры А.А. Ульянов, Қарағанды қаласының жас натуралистердің балалар станциясы директоры Н.Ш. Блялов сөйледі.
Екінші сұрақ бойынша «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Абдрахманова Алуа Сабитовна сөз алды.