«Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша ОӘБ қорытынды онлайн отырысы
04-06-2020 09:42
«Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша ОӘБ қорытынды онлайн отырысы

2020 жылдың  4 маусымында  Zoom бағдарламасы арқылы «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар»  бағыты бойынша ОӘБ қорытынды онлайн отырысы өтті. Отырысқа облыс колледждерінің 19 оқытушысы қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:

1. 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығару , ҚО ББД ОӘО ТжКББ бөлімінің әдіскері - А.Т. Альханова;

2. ҚР нормативтік-құқықтық құжаттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;

3. ОӘБ-нің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарының жобасын талқылау, ОӘБ жетекшісі - С.Б.Шамгулова.

Колледж өкілдері онлайн отырыстың жұмысына белсенді қатысты. Платформа чатында кері байланыс жүргізілді.