Размер шрифта:
№27 «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары
10-06-2020 09:35
№27 «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары

2020 жылдың  10 маусымында SABAK.KZ  платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары өтті.

Бекітілген кестеге сәйкес Академик К.А. Сагинов атындағы «Мектеп-интернат-колледж» КММ және Қазіргі заман көпсалалы колледжі мамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің колледждерін онлайн форматта көрсетті.

YouTube арнасында тыңдаушылар үшін тікелей эфир көрсетілді, онда чатта арқылы кері байланыс жүргізілді. Вебинардың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша көруге болады  https://youtu.be/AZ3bvZ7Qnps.