Ауыл мектептерінің оқушыларынан өмірге бейімді тұлға қалыптастыру
11-06-2015 04:30
Ауыл мектептерінің оқушыларынан өмірге бейімді тұлға қалыптастыру

2015 жылдың 9 маусымында Бұқар Жырау ауданындағы Ростов ауылының «Ростов тірек мектебі» (ресурстық орталық) КММ базасында «Ауыл мектептерінің оқушыларынан өмірге бейімді тұлға қалыптастыру» тақырыбында облыстық форум өтті. Форумға аудандық білім бөлімдерінің басшылары, тірек мектептері мен магнитті мектептердің директорлары қатысты.

Форумның басты мақсаты –жоғары технологиялы, бәсекей әлем өміріне дайын тұлға тәрбиелеу үшін шағын жинақы мектептерде жағдай  жасау. Олардың назарына негізінде дамыта оқыту мен тәрбиелеу әдістемелері бар және жасөспірімдердің танымдық әрекеті мен олардың қызығушылығы мен зейіндерін зерттеу әдістері, жобалық әдіс, материалмен тәжірибелік жұмыс жасау арқылы жандандыратын: «Қосымша білім беру», «Әскери-спорттық бағыттағы», «Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы», «Тарихи-өлкетану мұражайы» мұражайлы кешен шеберханалары мен зертханалары ұсынылды.