2020 жылдың 8 мен 19 маусым аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарлығаш» оқу орталығымен бірлесіп педагогикалық шеберлікті жетілдіру мектебі аясында (жазғы мектеп) «Сандық технологиялар дәуіріндегі көшбасшылық және оқыту» атты орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған оқыту курсын онлайн режимінде өткізуде.
Күн сайын сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін білім беру ұйымдарының 200-ге жуық директоры онлайн вебинарларға белсенді қатысады. Әсіресе Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Сәтбаев, Жезқазған қалаларының, Бұқар жырау және Абай аудандарының мектеп директорлары белсенді.
Оқыту курсының вебинарларының тақырыптары әртүрлі және қызықты: «Табысқа апарар жол. Басшылардың 5 ережесі», «Басшылықтың әлеуметтік-психологиялық мәселелері. Уақытты тиімді басқару», «Көпшілік алдында сөйлеу. Шешендік шеберлік», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы», «Стартап-жобаларды дамыту. Фандрайзинг», мектептің білім беру процесін ұйымдастыру, мектепішілік бақылау.
Оқыту курсының спикерлері: сертификатталған бизнес-жаттықтырушы, профессор, м.ғ.д. Оспанова Кадиша Базарбаевна; оқу-әдістемелік орталығының директоры, п.ғ.к. Асакаева Дана Саламатовна; «Қарлығаш» ЖШС директоры, бизнес – жаттықтырушы, доцент, п.ғ.к. Абильсеитова Карлыгаш Титобаевна; «Атамекен» ӨКП бөлім басшысы, бизнес-жаттықтырушы Оспанова Карлыгаш Асановна; Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері.