Размер шрифта:
2020-2021 оқу жылына дайындық бойынша жұмыс кеңесі
21-07-2020 14:29
2020-2021 оқу жылына дайындық бойынша жұмыс кеңесі

2020 жылғы 20 шілдеде оқу-әдістемелік орталығы аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттер меңгерушілерінің, облыстық мектеп-интернаттар директорларының қатысуымен жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық бойынша жұмыс кеңес өткізді.

Кеңесте келесі мәселелер қаралды:

- педагогтердің PISA-ға дайындық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуі;

- Педагогикалық шеберлік орталығының ашық онлайн курстарында педагогтарды оқыту;

- қашықтықтан оқытуға дайындық;

- шағын жинақты мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру;

- «Ауыл мектебі» жобасын іске асыру.