Қарағанды облысының мектеп директорларына арналған вебинар
24 шілде күні әдістемелік кабинеттердің жетекшілері, Қарағанды облысы мектептерінің директорлары мен директорлардың орынбасарлары қашықтан оқыту жүйесінің негізгі бағыттарын түсіндіру және әртүрлі оқыту форматтарына көшу бойынша вебинарға қатысты.
Вебинар спикері - ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Шолпан Каринова.
Оған Қарағанды облысының 400-ге жуық педагогтері қатысты.
Қатысушыларды жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы туралы ақпаратпен, қашықтан оқыту режимінде қолданылатын түрлі онлайн-платформалар мен электрондық оқулықтармен, "Өрлеу"БАҰО АҚ білім беру арнасымен таныстырды. Сонымен қатар, НЗМ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі туралы сөз қозғалды.
Педагогтер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауапты онлайн режимде алды. Вебинардың тікелей көрсетілімі Білім және ғылым министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізілді.