«Зерделі ата-ана» онлайн-курсы
Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылғы 10, 11, 12 тамызда кәмелетке толмағандар арасында суицидтің және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар үшін «Зерделі ата-ана» онлайн-семинарларын өткізеді.
Онлайн-семинарлар Zoom конференциясы форматында озу әдістемелік орталызтың YouTube - арнасында қазақ тілінде 3 тақырып бойынша трансляцияланады: «Жасөспірімдердің қиын жүріс тұрысы», «Отбасының татулығы», «Баламен тілдесу құпиялары».
Онлайн-семинарлардың спикері психология магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Психология» кафедрасының аға оқытушысы Игембаева Камшат Советовна.