«Білімал. Колледж» АБЖ жұмыс тобының отырысы
12.08.20 ж. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында «Білімал. Колледж» АБЖ-да «Оқу процесі» модулін әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесуге 9 адам қатысты.
Модуль білім беру ұйымындағы оқу процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға, оқу процесін автоматтандыру арқылы жалпы жұмыс сапасын жақсартуға арналған.
Модульді құру барысында автоматтандыру объектісінің келесі технологиялық, өндірістік, экономикалық, техникалық көрсеткіштеріне қол жеткізіледі:
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының реттелетін нысандарын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- оқу процесінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат жинау және сақтау арқылы есептерді автоматтандыру үшін база құру;
- Оқу процесін ұйымдастыруға жауапты қызметкерлердің уақытша ресурстарын босату мақсатында күнделікті жұмысты автоматтандыруды қамтамасыз ету.