2020 жылғы 24 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жыл сайынғы педагогтердің тамыз кеңесі шеңберінде 4 секциялық отырыс өткізді:
1. Аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін;
2. Тәрбие жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін;
3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие жұмысы, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін;
4. Балалар үйлері мен арнайы мектеп-интернаттардың директорлары үшін.
Қатысушылар 2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктерін талқылады. Жиналыстар ZOOM платформасында онлайн режимінде, ҚО ББД ОӘОYouTube-арнасына трансляциямен өтті.
Отырыс спикерлері оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасарлары мен әдіскерлері, облыстық әдістемелік бірлестіктердің төрағалары, әлеуметтік серіктестер болды.