Қосымша білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік жұмысын ресурстық қамсыздандыру және басқаруды үйлестіру мақсатында оқу-әдістемелік орталықтың базасында облыстық әдістемелік бірлестіктер құрылған.
5 облыстық әдістемелік бірлестік:
1. Балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің, көркемөнер мектептері педагогтарының облыстық әдiстемелік бiрлестiгі.
2. Көпсалалы ұйым (балалар және жасөспірімдер үйлері, сарайлары және орталықтар) педагогтарының облыстық әдiстемелік бiрлестiгі.
3. Техникалық бағыттағы облыстық әдiстемелік бiрлестiк.
4. Туристік-өлкетану бағыттағы облыстық әдiстемелік бiрлестiк.
5. Экологиялық-биологиялық бағыттағы облыстық әдiстемелік бiрлестiк.
2015 жылдың 12 маусымында оқу-әдістемелік орталықтың базасында ОӘБ Ережесін құру, 2015-2016 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар жоспарын құру және қызметті жоспарлау мәселелері бойынша алғашқы жұмыс отырысы өтті.