Тамыз секциялық отырысы
2020 жылғы 26 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жыл сайынғы педагогтердің тамыз кеңесі шеңберінде 2 секциялық отырыс өткізді:
1. «Өзін-өзі тану» бағыты бойынша;
2. Кәсіпкерлік және бизнес негіздері бағытына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары үшін.
Қатысушылар 2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктерін талқылады. Жиналыстар ZOOM платформасында онлайн режимінде, ҚО ББД ОӘО YouTube-арнасына трансляциямен өтті.
Отырыс спикерлері оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасарлары мен әдіскерлері, облыстық әдістемелік бірлестіктердің төрағалары, әлеуметтік серіктестер болды.