Размер шрифта:
Қарағанды облысындағы арнайы (түзету) мектеп-интернаттарына арналған электронды журнал жасау және енгізу бойынша жұмыс тобының отырысы.
21-08-2020 13:40
Қарағанды облысындағы арнайы (түзету) мектеп-интернаттарына арналған электронды журнал жасау және енгізу бойынша жұмыс тобының отырысы.

2020 жылдың  21 тамыз сағат 14.00-де Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында Қарағанды ​​облысының арнайы (түзету) мектеп-интернаттарына арналған электронды журнал жасау және енгізу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесуге директордың орынбасарлары және электронды журналға жауапты тұлғалар қатысты.

Жоба жетекшісі «Өрлеу» АТО Елеусізова Әсел Абайқызы арнайы (түзету) мектеп-интернаттарға арналған электрондық журналын көрсетті және қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берді.

Кездесу барысында арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының оқу процесіне электронды журнал енгізу және қолдау қызметі үшін WatsApp чаттарын құру туралы шешім қабылданды.