2020 жылғы 28 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жыл сайынғы педагогтердің тамыз кеңесі шеңберінде 4 секциялық отырыс өткізді:
1. Электронды білім беруге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, директордың оқу-тәрбие ісіжөніндегі орынбасарлары, кітапхана ісі жөніндегі білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін;
2. Бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінежетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары үшін;
3. Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, мамандандырылған мектеп-интернаттарыныңпедагог-психологтары үшін;
4. Білім беру ұйымдарының тәлімгерлері үшін.
Қатысушылар 2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктерін талқылады. Жиналыстар ZOOM платформасында онлайн режимінде, ҚО ББД ОӘОYouTube-арнасына трансляциямен өтті.
Отырыс спикерлері оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасарлары мен әдіскерлері, облыстық әдістемелік бірлестіктердің төрағалары, әлеуметтік серіктестер болды.