Размер шрифта:
Бейінді-арнайы өзара әрекеттесу, техникалық және кәсіптік білім берудің, зияткерлік деңгейді көтеру факторы
16-06-2015 09:51
Бейінді-арнайы өзара әрекеттесу, техникалық және кәсіптік білім берудің, зияткерлік деңгейді көтеру факторы

Қарағанды облысының білім басқармасы және Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен    2015 жылдың 12 маусымында Қарағанды машина жасау колледжінде «Бейінді-арнайы өзара әрекеттесу, техникалық және кәсіптік білім берудің, зияткерлік деңгейді көтеру факторы» тақырыбында III облыстық ғылыми-практикалық  конференциясын өтті. 

Конференция жұмысына аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж директорлары, облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағалары және инженерлі-педагогикалық кадрлар қатысты.

Талқыланған тақырып:Облыстық әдістемелік бірлестігі аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялаудың стратегиялық мақсаттарына жету.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

1.           Техникалық және кәсіптік білім беру саласында облыстық әдістемелік бірлестігінің маңыздылығы және оның қажеттілігі (Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Д.С.Асакаева)

2.           Колледж  әкімшілік құрамының кәсіптік деңгейін көтеру (директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағасы  Н.В.Гожа)

3.           Тірек колледждерде бейіні бойынша ресурстық орталықтар ашу (Тау-кен ісі бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағасы               О.Л. Кастальский)

4.           Кәсіби сынама ұйымдастыру арқылы кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы жүйесінің тұтастығы (дәнекерлеу ісі бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағасы  Г.Е. Михайлова)

5.            Тәрбие жұмысының бағыты бойынша колледждердің және педагогикалық ұжымның аттестациядан өту жұмысын ұйымдастыру  және оны  жетілдіру (Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Т.В.Любчанская)

Конференция соңында  ұсыныстар жобасы қабылданды.

2014-2015 оқу жылы қызметінің қорытындысы бойынша республикалық және облыстық деңгейде іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін колледж директорлары және облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағалары Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.