Экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы
2020 жылдың 9 қыркүйегінде экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ)онлайн – отырысы өтті. Отырыс ZOOM платформасында қашықтықтан өткізілді. Қарағанды облысы колледждерінің 28 педагогы қамтылды.
Бағдарламаға сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды: ОӘБ жұмысын қашықтықтан ұйымдастыру, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары.
Экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған алдағы олимпиадалар, сондай - ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар мен фото және бейне байқауларды өткізу шарттары қарастырылды. Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. ОӘБ басшысы Г.К Тунгушпаева отырысты қорытындылады.