«Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті
2020 жылғы 10 қыркүйекте ZOOM платформасы арқылы «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінің 18 арнайы пән оқытушылары мен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Бағдарламаға сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:
• ОӘБ жұмысын одан әрі қашықтықтан ұйымдастыру;
• бейнеконтенттер мен презентациялар базасын құру;
• 2021 жылға арналған жұмыс жоспары;
• өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары арасында облыстық қашықтықтан байқау өткізуді талқылау.
Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ жетекшісі Н.Н. Горбатюк отырыстың қорытындысын шығарды.