«Теміржол көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы
2020 жылдың 17 қыркүйегінде «Теміржол көлігі» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің ОӘБ онлайн – отырысы өтті. Отырыс ZOOM платформасында қашықтық форматында өтті. Қарағанды облысы колледждерінің 25 педагогы қамтылды.
Бағдарламаға сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды: қашықтықтан оқыту жағдайында ОӘБ-тің одан әрі жұмысын ұйымдастыру, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары. Алдағы онлайн байқаулар, сондай - ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар талқыланды. Отырыс соңында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылып, ОӘБ басшысы Н. Н. Оськина отырысты қорытындылады.