ТжКББ ұйымдарының математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы
![ТжКББ ұйымдарының математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы](/media/img/blogs/5f6d785e725be.jpeg)
2020 жылдың 24 қыркүйегінде ZOOM платформасы арқылы ТжКББ ұйымдарының математика және физика оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінің 36 оқытушысы қосылды.
Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:
1. 2020-2021 оқу жылына арналған ОӘБ жоспары, ОӘБ жетекшісі - И.Г. Лопатко;
2. Физика және математика пәндерін қашықтықтан оқыту мәселелері;
3. Онлайн байқаулар мен іс-шараларды өткізу;
4. Бейнеконтенттер базасын құру.
Колледж өкілдері онлайн отырыс жұмысына белсенді қатысты. Платформа чатында кері байланыс жүргізілді.
Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. ОӘБ басшысы И.Г. Лопатко отырыстың қорытындысын шығарды