Размер шрифта:
2020 жылдың 23 қыркүйегінде облыстық эксперттік кеңестің кезекті отырысы өтті
23-09-2020 16:43
2020 жылдың 23 қыркүйегінде облыстық эксперттік кеңестің кезекті отырысы өтті

    Эксперттік кеңестің отырысы онлайн түрінде өткізілді. Отырысқа облыстық эксперттік кеңестің келесі мүшелері қатысты: Абдикерова Б.Х., Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының м.а.; Копбаева Г.С., Сарсембаева А.Ж., Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасарлары; Тажигулова Г.О., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор;  Кушнир М.П., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Бигельдинова Б.Н., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы.

    Қорғауға келесі жұмыстар ұсынылды: колледж студенттеріне арналған «Кәсіби қызметті құқықтық реттеу» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы (Ефименко О.В., ҚҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушысы), 5-8 сыныптарға арналған ағылшын тілі пәні бойынша суммативтік жұмыстар жинағы (Абеуова С.К., Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері, Голынская И.Р., Узукбаева Н.А., Қарағанды қаласы №9 гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімдері, Нупилова А.Б., Қарағанды қаласының №35 ЖОББМ мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі), 9 сыныпқа арналған «Физикалық практикум» (педагогтер үшін әдістемелік нұсқаулық), «Физикалық практикум» жұмыс дәптері (Формативті бағалау бойынша оқушылар үшін), 9 сынып (Роговая Г.А., Фомич Л.Г., Татиев М.А., Қарағанды қаласының №2 лицейінің мұғалімдері, Барышева М.Н., Е.А.Букетов атындағы №52 ЖОББМ мұғалімі, Жусупбекова С.И., С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің мұғалімі, Жунусов М.С., «Дарын» ММИ мұғалімі).