Размер шрифта:
«Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы
25-09-2020 16:46
«Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша   облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы
  2020 жылдың 25 қыркүйегінде ZOOM платформасы арқылы «Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша  ОӘБ онлайн отырысы өтті.
   Отырысқа облыс колледждерінің 16 оқытушысы қосылды.
Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:
1. 2020-2021 оқу жылына арналған ОӘБ жоспары, ОӘБ жетекшісі - Алимбеков А.З.;
2. Қашықтықтан оқыту мәселелері;
3. Онлайн байқаулар мен іс-шараларды өткізу;
4. Бейнеконтенттер базасын құру.
    Колледж өкілдері онлайн отырыс жұмысына белсенді қатысты. Платформа чатында кері байланыс жүргізілді.
   Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. ҚО ББД ОӘО ТжКББ бөлімінің әдіскері Умиртаева Г.Т. отырыстың қорытындысын шығарды.