Мамандандырылған мектеп-интернаттардың ОӘБ отырысы
2020 жылдың 30 қыркүйегінде zoom платформасы арқылы география және тарих пәні мұғалімдеріне арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың әдістемелік бірлестіктері ұйымдарының кеңесі онлайн режимінде өткізілді.
Кеңес барысында мұғалімдерге 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, «Зейін», «GeoInfo навигатор», «Уақыт көпірлері» жобаларын іске асыру, «Тарих және география пәні бойынша бейне-сабақтар», «Үздік тарихшы», «Бейінді оқытудағы үздік элективті курс» байқауларын өткізу туралы айтылды. Қатысушылар саны-29.