Педагогикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ онлайн-отырысы
2020 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 15-те Zoom платформасы арқылы педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінен 50 оқытушы қатысты.
Бағдарламаға сәйкес отырыста келесі ұйымдастыру сұрақтары талқыланды:
- 2021 жылға арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын талқылау;
- Бірқатар облыстық семинарар өткізу;
- қашықтықтан оқыту бойынша ОӘБ жұмысы аясындағы облыстық видеоконтенттер каталогын толықтыру.
Отырыс соңында ұсыныстар тыңдалып, отырыс қорытындысы жасалды.