Діни экстремизмнің алдын алуға арналған семинарлар
17-10-2014 08:20
Діни экстремизмнің алдын алуға арналған семинарлар

 

   Биылғы 2014-2015 оқу жылында «Қарағанды облысының білім беру мекемелерінде діни экстремизмнің алдын алу шараларын жандандыру» тақырыбы бойынша семинарлар Қарқаралы, Ақтоғай аудандарында жалғасты. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды облысы Дін істері басқармасының «Қарағанды облысында конфессиоаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығымен» бірге  2014 жылдың 13 - қазан күні Қарқаралы ауданы №1жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде (110 адам), 16 – қазан күні Ақтоғай ауданы К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында (65 адам) өткізілген семинарларға  білім беру мекемелерінің басшылары, тәрбие ісінің орынбасарлары, тарих және дінтану пәндерінің оқытушылары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты.

     Семинарда көп мәдениетті бірнеше ұлыстар мен ұлттардың, сондай – ақ бірнеше діндердің қарым – қатынас территориясы болып отырған Қазақстан қоғамында білім берудің атқаратын ролі, аталмыш іс-шараны өткізудің маңыздылығы тілге тиек болды.

  Қарағанды облысы дін істері басқарамасы «Қарағанды облысында конфессиоаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығы», Ақпараттық-насихат жұмыс бөлімнің инспекторы, заңгер, Руслан Айдарұлы Саматаев мырза тақырып бойынша баяндама шолу жасады.

    Лектордың берген мағлұматтары, дәлелдер мен дәйектері мәселені бірнеше қырынан қарастыруға зор мүмкіндік берді, әсіресе заңдық-нормативтік актлерде көрсетілген құқықтар мен заңбұзушылықтар орын алған жағдайдағы айыппұл төлеу бойынша кеңірек тоқталды. Тыңдаушылар деструктивті діни секталар және олардың осы өңірлердегі астыртын іс-әрекеттері туралы мәліметтерге көп назар аударды, өздерін мазалайтын бірнеше сұрақтарға жауап алды. 

      Семинардың екінші бөлімі тәжірибелік жұмыс. Оқу-әдістемелік орталықтың ҚББжҰТИДБ әдіскері Ж.Д. Нұржан қарастырған «Діни еркінндік және азаматтық білім: мазмұны және оқытудың белсенді әдістері» тақырыбындағы қатысушылар лекцияда берілген мәселенің құқықтық аспектлерін тереңдей қарастырды. Діни бостандықтар мен құқықтар немесе шектеулер мәселелесі назарға ұсынылды. «Оқу орындарында діни экстремизмнің алдын алудағы педагогтың ролі» тақырыбындағы семинардың мақсаты: біріншіден - жастарды діни секталарға және экстремистік топтарға кіруге жетелейтін психологиялық себептерге ұстаздардың назарын аудару, екіншіден – жастар мен жасөспірімдер арасында психологиялық алдын-алу жұмыстарын жүргізудің әдіс—тәсілдерін көрсету.

      Қатысушылар өзекті тақырыпты қозғаған семинар ұйымдастырушылары мен тренерлерге үлкен алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар әрбір оқу орындарында осындай формадағы семинарларды педагогикалық ұжыммен өткізудің қажеттілігін айтып, өз сұраныстарын білдірді.   

 

 Қарағанды облысында білім беруді

             дамытудың оқу-әдістемелік орталығының

                                                                                  әдіскер – психологы Ж.Д. Нұржан