Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
2020 жылдың 1 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Отырысқа облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 16 мұғалім қатысты.
Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:
- Қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәнін оқыту мәселелері мен ерекшеліктері.
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатымен «Зейін» жобасының, сондай-ақ «Бірге оқимыз», «Ауыл-қала» жобаларының жүзеге асырылуы.
- «Педагогикалық идея» облыстық әдістемелік материалдар байқауы.
- Ағылшын тілін үйрену құралы ретінде "English chat" педагогикалық жобасының жүзеге асырылу жағдайы.