Мамандандырылған мектеп-интернаттарының инновациялық жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестік отырысы.
05-10-2020 15:36
Мамандандырылған мектеп-интернаттарының  инновациялық жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестік отырысы.

2020 жылдың 5 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен мамандандырылған мектеп-интернаттарының инновациялық жұмысы бойынша директор орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізілді.

ОӘБ отырысы ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өтті.

Отырыс бағдарламасында келесі мәселелер қаралды:

  • - 2020-2021 оқу жылына арналған директорлардың инновациялық  жұмысы жөніндегі орынбасарларының әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау;
  • - ББД ОӘО "Бірге оқимыз", "Зейін", "Өнегелі өмір", "Болашаққа бағдар" жобаларын және "Бір отбасы бір кітап" акциясын іске асыру;
  • - Қарағанды облысында үштілді білім беру мәселесі бойынша мамандандырылған мектеп-интернаттарының жұмыс жоспарын құру.

Әдістемелік бірлестік  жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылауға Қарағанды облысының барлық ММИ белсенді түрде қатысты.