Размер шрифта:
«Жыр жалын» әлеуметтік-педагогикалық жобасының тұсаукесері
09-10-2020 16:41
«Жыр жалын»  әлеуметтік-педагогикалық жобасының тұсаукесері

2020 жылдың 09 қазанында Қарағанды облысы білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлеріне арналған семинар өтті.

Семинар барысында аға тәлімгерлердің лауазымдық міндеттері, қашықтықтан оқыту жағдайында тәлімгерлер жұмысындағы әдіс-тәсілдер қарастырылды. Шахтинск қаласының «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» КМҚК әдіскері А.И. Погребная, Саран қаласының «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» КМҚК әдіскері А.Н. Баева жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда өскелең буынның оқу сауаттылығын дамытуға және қазақ ақындарының поэзиясын танытуға бағытталған «Жыр жалын» әлеуметтік-педагогикалық жобасының тұсаукесері өтті.