Педагогтердің тамыз кеңесі – 2015.
«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар»
Тамыздың 19 жұлдызында облысымыздың педагогтер қауымы өздерінің дәстүрлі Тамыз кеңесінде бас қосты. Кеңестің биылғы тақырыбы – «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар». Кеңес жұмысына қатысу үшін С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрына 500-ге тарта педагог жиналса, он-лайн байланысқа аймақтың 18 өңірінің білім ұйымдары, 4000-нан астам ұстаздар мен ата-аналар қауымы қатысты. Пленарлық кеңес қатысушыларын театр фойесінде орналасқан «Қарағанды облысының білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар және функционалдық сауаттылықтың дамуы» тақырыбындағы көрме қарсы алды.
Жыл сайын жаңа оқу жылы басталмас бұрын өткізілетін осы жиын – педагогтер қауымының бір жылғы еңбегінің нәтижесін саралап, облыс билігі алдында есеп беретін уақыты. Дәстүрге сай биылғы кеңесте облыс бойынша білім саласында болып жатқан жаңалықтар мен тың жетістіктер танытылып, өткен оқу жылы қорытындысы түйінделді.
Жиынның төрағалығын атқарған облыс әкімі Н. Әбдібеков 2015-2016 оқу жылындағы білім мазмұнының жаңару бағыт-бағдарларын белгілеп, билік өкілдері мен білім ұйымдарын облыс білім саласында қазір орын алып отырған маңызды мәселелерді бірлесе шешуге шақырды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» атты бағдарламалық құжатында көрсетілген бағдарлы қадамдарды есепке алуды міндеттеді. Кеңесте ҚР ғылым және білім министрлігі өкілі Ж. Жонтаева, Қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығының директоры Р. Шер және Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Ф. Макейси және Білім басқармасы басшысы А. Аймағамбетов баяндама жасады. Жиын соңында үздік қызметкерлер Білім және ғылым министрлігі тарапынан Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды. Олар:
1. Кожахметова Гулсім Шабдановна– Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры;
2. Киргизбаева Гульнара Маулетбаевна– Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мектеп-интернатының директоры.
Ал ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен:
1. Зубрин Сергей Викторич Осакаровка ауданы Осакаровка кентінің №9гимназиясының информатика пәні мұғалімі;
2. Ивченко Геннадий Иванович Қарағанды тау-кен-индучтриалды колледжінің директоры марапатталды.
«Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен:
1 Жошина Маулида Киргизбаевна – Педагогикалық еңбек ардагері, ҚазақКСР-і халық ағарту ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері;
2 Ахметкарімов Қабылкәрім Ахметкәрімұлы – Педагогикалық еңбек ардагері, ҚазақКСР-і халық ағарту ісінің үздігі, химия ғылымдарының кандидаты.
3 Иванова Нина Ивановна – Педагогикалық еңбек ардагері, ҚР ағарту ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлығының лауреаты.
Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен:
1 Джүзбаева Айгерім Мәлікқызы – «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиешісі;
2 Литвишкова Елена Юрьевна – Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы орта білім беретін мектеп-интернатыныңпедагог дефектологы, логопед.
Ауылдық және қалалық мектептерде ұстаздық етіп, еңбегінің алғашқы жемісін көре бастаған жас мамандар құрмет грамоталарымен марапатталды.