2020 жылдың 20 қазанында оқу-әдістемелік орталық ZOOM платформасында онлайн режимде пленарлық бөлімде Ө.А. Байқоңыров атындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияны Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының м.а. Әбдікерова Б.Х. ашты. Конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры А. А. Боранбай құттықтады.
Пленарлық бөлімде сөз сөйлеп, жұмыс тәжірибесімен бөлісті:
Бейсенбекова Н.А., тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Археология және этнология, Отан тарихы кафедраларының доценті «Өлкетану – ұлттық жаңғыру» тақырыбы бойынша;
Қонтаев С.С., Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының кеңесшісі, профессор, техника ғылымдарының кандидаты «Ақылды технологиялар – еңбек өнімділігін дамыту мүмкіндігі» тақырыбы бойынша;
Байқоңырова А.О., профессор «Жеке тұлға ретінде қалыптасуымызға әке бейнесінің әсері» тақырыбы бойынша;
Құрманалиев С.А., Жезқазған қаласының «№1 ЖОББМ» КММ тарих пәнінің мұғалімі «Ұлы дала мәдениеті. Мәдениеттегі ұрпақтар байланысы» тақырыбы бойынша.
Конференция қатысушыларына виртуалды мұражайлар ұсынылды:
- - Тұңғыш Президент мұражайы (Теміртау);
- - Әлімхан Ермеков атындағы мұражай - (Шет ауданы);
- - Абай Құнанбаев атындағы мұражай – (Сәтбаев);
- - Бауыржан Момышұлы атындағы мұражай - (Теміртау);
- - Әлихан Мусин атындағы мұражай- (Балқаш);
- - КАРЛАГ мұражайы - (Шахтинск).
Бейнеконференцияға Қазақстан Республикасының педагогтері қатысты.
Барлығы 456 адамды қамтыды.