Размер шрифта:
Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес
21-10-2020 16:24
Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың қазан айының 21-і күні ZOOM платформасында қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандары, облыстық мектептердің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- электронды журналды жүргізу;
- электронды журналдағы өзгерістер;
- «Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасын енгізу;
- компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты дамытуға бағытталған «Цифрлық әлемге қадам» жобасын енгізу;
- «WEB-мастер» облыстық жобасын енгізу;
- математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің шығармашылық байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу;
- «IT эксперт» облыстық жобасын енгізу;
- әлеуметтік желілерді талдау.
Семинар-кеңеске осы мәселелерге жетекшілік ететін 50-ден астам маман қатысты. Семинар-кеңес бағдарламасы аясында аталған сұрақтар бойынша ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Е.Р.Аринов, ИОТ және ЭББ бөлімінің меңгерушісі А.Р.Серікбаева, ИОТ және ЭББ бөлімінің әдіскерлері А.А.Қали, Ж.А.Сартаева, сондай-ақ АТО «Өрлеу» ЖШС менеджері А.А.Елеусизова ақпаратпен бөлісіп, баяндама жасады.