Размер шрифта:
«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар
20-10-2020 17:06
«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар

2020 жылдың 20 қазанында оқу-әдістемелік орталық Қарағанды қаласының білім бөлімімен бірлесіп №58 жалпы орта білім беретін мектептің «Жас Сарбаз» сыныптарының жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша онлайн семинар өткізді.

Семинарда тәжірибе жалпылауда сөз сөйлегендер: директордың эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары Е.Т.Рахимжанов; директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.М. Искакова; АӘжТД мұғалімі, запастағы майор А.М. Байпақпаев; запастағы подполковник, "Жас Сарбаз" сыныбының тәрбиешісі Б.А. Аукешев; музыка мұғалімі М.М. Серікбай.

Семинар жұмысына Қарағанды облысының 18 өңірінің білім беру бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, АӘжТД басшылары қатысты.