Размер шрифта:
«Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жобасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша жұмыс тобының отырысы.
22-10-2020 18:15
«Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жобасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша жұмыс тобының отырысы.

2020 жылдың қазан айының 22-сі күні Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жобасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді. Отырысқа Қарағанды ​​облысының білім басқармасының және Саран, Қарағанды, Абай, Шахтинск қалаларының білім бөлімдерінің «Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жобасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша жауапты мамандар және «Өрлеу» АТО мен «Малахит» ЖШС-нің менеджерлері қатысты.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

- «Педагогтер мен басшылардың жұмысқа орналасуының ашық алаңы» жүйесін көрсету;

- «Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жүйесін көрсету;

- Мемлекеттік қызметтер негізінде құжаттарды қабылдау бойынша қызмет көрсету.