2020 жылдың қазан айының 22-сі күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жобасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді. Отырысқа Қарағанды облысының білім басқармасының және Саран, Қарағанды, Абай, Шахтинск қалаларының білім бөлімдерінің «Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жобасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша жауапты мамандар және «Өрлеу» АТО мен «Малахит» ЖШС-нің менеджерлері қатысты.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
- «Педагогтер мен басшылардың жұмысқа орналасуының ашық алаңы» жүйесін көрсету;
- «Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жүйесін көрсету;
- Мемлекеттік қызметтер негізінде құжаттарды қабылдау бойынша қызмет көрсету.