ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ
23-10-2020 09:23
ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ

2020 жылдың 23 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Туған өлке сырлары» облыстық жобасы аясында «Ұлы дала «Ежелгі өнер және технологиялар мұражайы» тақырыбында  ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде семинар өткізді. Семинар барысында Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әдіскерлері мен педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жезқазған аймағының педагогтері Ұлытау – Жезқазған аймағы бойынша педагогтердің алғашқы экспедицияларының:  табиғи - рекреациялық әлеует, Орталық Қазақстанның ежелгі металлургиясы, адамзат естелігіне арналған мұражай-кітабы сияқты материалдарымен бөлісті.

Сәтбаев қаласының мұғалімдері «Студенттерді тарихи өлкетану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу» тақырыбында өз тәжірибелерін қорытындылады.

Ұлытау ауданынан келген әріптестеріміз мұғалімдер мен оқушылардың мұражайлармен жұмыс жасау жобаларын іс жүзінде көрсетті.

Қатысушылар саны 100 адамды құрды.