Әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін онлайн-кеңес
26-10-2020 17:43
Әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін онлайн-кеңес

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 26 қазанында ZOOM платформасы арқылы білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін онлайн-кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Осакаровка және Шет аудандарының әдістемелік кабинеттері жұмыстарының талдаулары және 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары тыңдалды.

Баяндамалардың қорытындысы бойынша ББД оқу-әдістемелік орталығы директорының м.а. Б. Абдикерова талдау және жұмыс жоспарларын дайындау бойынша ұсыныстар берді.

ББД оқу-әдістемелік орталығы директорының м.а. Б. Абдикерова бейіндік бағыттар бойынша «Педагогикалық сынып»,«Мен ұстазбын!», «Медицинаға қадам», «Медициналық сыныптар», «Жас блогер», «Жас журналист» жобаларымен таныстырып өтті.

«Болашақ» стипендиясына үміткер ағылшын тілі мұғалімдерінің КАЗТЕСТ тапсыру нәтижелері мен аудандық/қалалық пәндік қауымдастықтардың құрамы бойынша мәліметтерді ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскері К. Ахмалтдинова айтып өтті.