28 қазанда онлайн форматта «Интеграцияланған экологиялық білім беруді дамытуға инновациялық білім беру технологияларын енгізу» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара барысында "Менің өмірімнің Эко мектебі" республикалық пилоттық жобасының қорытындысы шығарылып, "ЭкоАсар"экологиялық марафоны басталды.
Дөңгелек үстел отырысында «Оператор РОП» ЖШС өкілдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары; әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері; пилоттық мектеп директорлары; мектепке дейінгі ұйымдар; Теміртау қаласының колледждері; Қарағанды облысының орта білім беру ұйымдары мен колледждерінің директорлары мен педагогтері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов ашып, жаһандану жағдайында экологиялық білімнің өзектілігін атап өтті.
«ӨКМ Операторы» ЖШС «Менің өмірімнің Эко мектебі» республикалық пилоттық жобасын іске асырудың қорытындысын шығарды.
Айта кету керек, «Менің өмірімнің Эко мектебі» жобасына экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Білім Министрлігінің, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Теміртау қаласының 29 мектебі, 22 балабақша, 4 колледжі қатысады.
Аталған жоба аясында «Qazagstadagy ekologialyg bilim berydegi uzdik uium» сертификатымен экология, геология және табиғи ресурстар министрінің алғыс хатымен Теміртау қаласының №16 мектебі және №12 «Алтынай» балабақшасы марапатталды.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрінің қолы қойылған Алғыс хаттармен Теміртау жоғары политехникалық колледжінің, №14 мектеп-лицейінің және №8 арнайы мектеп-интернатының педагогтері марапатталды.
Сондай-ақ, жобаның белсенді қатысушыларына «ӨКМ Операторы ЖШС» алғыс хаттар табыстады.