2020 жылдың 28 қазанында ZOOM платформасы арқылы ТжКББ ұйымдарының химия және биология оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінің 61 оқытушысы және «Көкшетау қаласы, Құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК оқытушылары қатысты.
Бағдарламаға сәйкес химия және биология пәні оқытушыларының 2019-2020 оқу жылындағы ОӘБ жұмысының нәтижелері қарастырылды және жаңа оқу жылына міндеттер қойылды.
Сонымен қатар келесі оқытушылардың баяндамалары тыңдалды:
1. И.В. Хващевская, М.Ж. Шалабаева, «Көкшетау қаласы, Құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК оқытушылары. Баяндама тақырыбы «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақты тиімді жоспарлау»;
2. О.В. Емельянова, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК химия пәнінің оқытушысы. Баяндама тақырыбы «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқыту тәжірибесімен алмасу»;
3. А.А. Асқарова, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК биология пәнінің оқытушысы. Баяндама тақырыбы «ТжКББ ұйымдарындағы жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері. Критериалды бағалау».
Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ жетекшісі Д.В. Михайлова отырыстың қорытындысын шығарды.