Размер шрифта:
«Үздік тәлімгер - 2020» облыстық байқауының бірінші (сыртқы) кезең қорытындысы
02-11-2020 10:00
 «Үздік тәлімгер - 2020» облыстық байқауының бірінші (сыртқы) кезең қорытындысы

2020 жылдың 12-27 қазан күндері аралығында Байқаудың бірінші кезеңі өтті. Байқауға Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлерінің «Тәлімгер портфолиясы» ұсынылды.

Бірінші кезеңге облыстың 11 өңірінен барлығы 26 байқау жұмыстары келіп түсті.

Байқаудың ақтық кезеңі 2020 жылдың 20 қарашасы күні өтеді. Ақтық кезеңінің қатысушылары қалалық және аудандық білім беру ұйымдарына жолданған Ақпараттық хат негізінде шақырылады.

Байқаудың финалдық кезеңі қашықтық түрінде өтеді, онда қатысушылар «Сәлем сөздің анасы» және «Тәлімгердің бір күндік жұмысын» ұсынады, педагогикалық жағдайлардан шығудың жолын табады. Байқаудың барлық кезеңдері қолдау тобының қатысуынсыз өтеді.

«Үздік тәлімгер - 2020»: облыстық байқаудың ақтық кезеңінің қатысушылары:        

1. Абзал Күлайым Әлімжанқызы, Қарағанды қаласы «№38 гимназия» КММ;

2. Маркелова Елена Андреевна, Шахтинск қаласы «№1 мектеп-гимназия» КММ;   

3. Кубыкина Галина Валентиновна, Балқаш қаласы «№10 ЖББОМ» КММ;

4. Мукажанова Майгуль Омархановна, Теміртау қаласы «Ғ.Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебі» КММ;  

5. Спатаева Ақжарқын Анапияқызы, Жаңаарқа ауданы «Б.Амалбеков атындағы тірек мектебі» КММ;

6. Жумабекова Гульжанат Кайыржановна, Шет ауданы «Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицей» КММ.