Размер шрифта:
Әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін онлайн-кеңес
02-11-2020 17:01
Әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін онлайн-кеңес

 Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 2 қарашасында ZOOM платформасы арқылы білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін онлайн-кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Сәтбаев қаласы және Жаңаарқа аудандарының әдістемелік кабинеттері жұмыстарының талдаулары және 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары тыңдалды. 

Баяндамалардың қорытындысы бойынша ББД оқу-әдістемелік орталығы директорының м.а. Б.Абдикерова талдау және жұмыс жоспарларын дайындау бойынша ұсыныстар берді.

Орта және жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі Мукашева Г.Г. Күзгі мектептің бағдарламасымен таныстырды, курс сілтемелеріне және бағыттарына баса назар аударылды.