Размер шрифта:
Шетел тілі оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясындағы «BBB-Best Brains Battleлингвистикалық шарасы
30-10-2020 09:17
Шетел тілі оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясындағы «BBB-Best Brains Battleлингвистикалық шарасы

2020 дылдың 30 қазанында Zoom платформасында шетел тілі оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясындағыүштілді білім беруді енгізу жобаларын жүзеге асырып жатқан педагогикалық колледждердің 2-3 курс студенттері арасындағы «BBB-Best Brains Battle» лингвистикалық шарасы өтті. 

Шара ұйымдастырушылары: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі»КМҚК.

Шараның мақсаты тілдерді үйренуге деген ынтаны арттыру, білім мен білік жүйесі бар және мәдениет аралық коммуникацияның алуан түрлі жағдайларында тілді пайдалана алатын көпмәдениетті тұлғаны дамыту, коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Сайысқа бес педагогикалық колледждерден келесі 5 топ (әр топта 5 қатысушыдан)  қатысты:

- Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінен «BET» тобы;

- Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжінен  «Dynamite» тобы;

- А.Мусин атындағы Балхаш гуманитарлы-техникалық колледжінен «Ketchup» тобы;

- Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінен «Diamonds» тобы;

- Жезқазған гуманитарлық колледжінен «ZHEZ.GUM» тобы.

Шара келесі 3 кезеңнен тұрды: Топтардың таныстыруы(үй жұмысы), «Best Brains Battle» викторинасы, KAHOOT интерактивті викторина-ойыны.

Барлық тапсырмалар жан-жақты болды: логиканы дамытуға, жалпы білім беретін қабілеттерін жоғарлатуға, тілдерді білулерін арттыруға бағытталған. Қызықты, қазіргі заманғы  онлайн-жарыстардың қорытындылары бойынша құрамына  Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары, Саран қаласының мектептерінің тіл пәндері мұғалімдері, Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының маманы кірген әділ-қазылар алқасы қатысушыларды бағалап,  келесі сайыс жеңімпаздарын анықтады:

1 орын - А.Мусин атындағы Балхаш гуманитарлы-техникалық колледжінен «Ketchup» тобы;

2 орын -  Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінен «B E T» тобы;

3 орын - Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжінен  «Dynamite» тобы.

Қалған екі топ сайысқа белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық топтардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Барлық сайыс қатысушыларына сертификаттар берілді.