2015 жылдың 1қыркүйегінде М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжінде «Ауыл шаруашылығын дамытудың және ауылға арналған мамандарды дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция президиумы:
Ғ.Ә.Қалиев – ауылшаруашылық ғылымдар академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Ш.Қ. Мамалинов – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары .
Ә.А. Сатыбалдин- ҚР АШМ «КазАгроИнновация» АҚ басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Конференцияға қатысушылар проблемаларды шешу үшін төмендегідей бағыттардағы жұмыстарды жүзеге асыруды қажет деп санайды:
· жер реформасын іске асыру үшін кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тәжірибелік жобаларды құру керек;
· Қарқаралы ауданын ет өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Қарқаралы қаласында мал сою цехын салу қажет.