2015 жылдың 8 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Мазмұнды жаңарту мәселелері бойынша 2015-2016 оқу жылына жұмысты жоспарлау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
08-09-2015 04:00
2015 жылдың 8 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында  «Мазмұнды жаңарту мәселелері бойынша 2015-2016 оқу жылына жұмысты жоспарлау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

     2015 жылдың 8 қыркүйегіндеҚарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында  «Мазмұнды жаңарту мәселелері бойынша 2015-2016 оқу жылына жұмысты жоспарлау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.Аталмыш шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, мамандандырылған мектеп-интернат директорларының орынбасарлары қатысты. Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша ББД ОӘО директоры Г.Қожахметова сөз алды. Әдіскерлер семинарға қатысушыларды 2015-2016 оқу жылында өткізілетін  жұмыс жоспары жайында хабардар етті. Семинар барысында: мектептердің даму бағдарламасы, педагогтерге күзгі мектепті ұйымдастыру мәселелері, электрондық тестілеу бағдарламаларын апробациялау мақсатымен «Фокус-топтар» атты  шағын-зерттеуді өткізу, «Облыс әкімінің сыйақысы» байқауына педагогтердің қатысуы, жаңашыл мектептерде «Қаржылық сауаттылық»  оқу курсының енгізу, Назарбаев зияткерлік мектебімен тәжірибе алмасу, академик Ж.С.Ақылбаевқа арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Мен және менің денсаулығым» вариативті курсын енгізу- тақырыптары қарастырылды.