Размер шрифта:
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында экологиялық жастар білімінің моделін құру» атты дөңгелек үстел өтті
02-11-2020 11:26
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында экологиялық жастар білімінің моделін құру» атты дөңгелек үстел өтті

2 қарашада «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында экологиялық жастар білім беру моделін құру» техникалық-құрылыс колледжінің жобалық аумағының сапары өтті. Осы іс-шара аясында ZOOM платформасында онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қатысушылар: үш колледждіңөкілдері (педагогтер, шеберлер, Қарағанды қ., Семей қ., Ақмола облысы Аршалы кенті студенттері), бизнес-қоғамдастық ("Оператор РОП" ЖШС делегациясы, колледждердің бизнес-серіктестері), өңірлердің білім басқармаларының өкілдері (Қарағанды, ШҚО, Ақмола облыстары), студент жастар.

Мақсаты: қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде интеграцияланған экологиялық білім беруді ұйымдастырудың инновациялық нысандарын ілгерілету.

Сапар үш кезеңнен тұрды. Сапардың ақпараттық-талдау бөлімінде «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директоры Светлана Балабекова колледж жұмысын, оның эко-skills құзыреттерін қалыптастыру шеңберіндегі басымдықтарын таныстырды.

Сапардыңтәжірибеге бағытталған бөлігі бірнеше мәселелерді қамтыды:

* Қарағанды қ. техникалық-құрылыс колледжі құзыреттіліктерді қалыптастыру кезінде эко-модульді дайындау басымдықтары шеңберінде энергиялық тиімді жылыжайлар, су үнемдеуші, энергиялық тиімді тәсілдер кешені

* Ландшафты аумақтарда демонстрациялық учаскелерді ұйымдастыру үшін smart-drop технологиясы (тиімді автоматты жер асты суландыру) (дизайнерлік ландшафт, көкөніс өсіру, питомниктерді ұйымдастыру)

* Қарағанды қ. техника-құрылыс колледжінің жұмысы мысалында эко-skills құзыреттілікті қалыптастыру шеңберінде Энергия тиімді жарықтандыру бойынша модульдерді (жарықдиодты, фитодиодты, ішкі, сыртқы, қалалық, ландшафттық, агро-жарықтандыру) дайындау

Сондай-ақ, қатысушылар жобаны іске асырудың екінші кезеңінің бірыңғай Жол картасын қалыптастыру үшін пікір алмасты.

Іс-шара соңында БҰҰ ҒЭҚ ПМГ ұлттық үйлестірушісі, бизнес-серіктестер, Қарағанды облысының білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығының қатысуымен «Фокустық ландшафттарда кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының базасында экологиялық жастар білімінің моделін құру» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанда Жаһандық Экологиялық Қордың шағын гранттар бағдарламасы үш өңірдің аумағында: Қарағанды облысы – Қарағанды қаласы, Шығыс Қазақстан облысы-Семей қаласы және Ақмола облысы – Аршалы кенті аумағында «Экологиялық жастар білімінің моделін құру»жобасын іске асыруда.

Бұл гранттық бағдарламаның негізгі міндеті-биоалуантүрлілік, энергия тиімділігі, су үнемдеу саласындағы қарапайым қолжетімді технологияларды ілгерілетуге, тұрақты даму саласындағы білім беру реформаларын ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру.

Бұл жобаға әлеуметтік нысандарда экологиялық құзыреттерді, білім мен технологияларды ілгерілетумен байланысты белгілі бір міндеттерді іске асыратын көптеген үкіметтік емес ұйымдар қатысады.

Жобада үш өңірде алты энергия тиімді су үнемдеу тәсілін енгізу көзделген. Қарағанды облысында жобаға Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі қатысады, онда жобаны іске асыруға арналған алаң бар және мұнда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттер оқиды. Жоба шеңберінде су үнемдеудің тиімді тәсілдері ғана емес, сондай-ақ OББ бар адамдарды «жасыл»кәсіптердің жаңа ерекшеліктеріне оқыту және тұрмыстық электр техникасын жинау бойынша ресайклинг құзыреттілігін дамыту жүзеге асырылатын модульді әзірлеу жоспарлануда.

Педагогтер техникалық құжаттаманы зерделеуге және осы жобаны іске асыруға байланысты оларға өзгерістерді енгізу арқылы оқу бағдарламаларын әзірлеуге кірісті. Өзгертілген оқу бағдарламалары студенттердің қалыптасқан құзыреттіліктерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта тиімді су үнемдеу тәсілдері бағытын іске асыру шеңберінде колледжде жылыжай жабдығы орнатылған.

Жылыжайдың көлемі 5х16 метрді құрайды, ол жарықдиодты прожекторлармен және ұсақ дисперсті суарумен, Автоматты жер асты суландыру қондырғысымен жабдықталған. Бұл нысанды автоматты түрде суару көкөніс дақылдарын өсіру және колледж студенттерінің дұрыс тамақтануын ұйымдастыру үшін жасалады. Жылыжай қосымшаагрофибрмен, сондай-ақ қозғалыс датчиктерімен сыртқы аумақты жарықдиодты жарықтандырумен қосымша жабдықталған, бұл колледжді жарықтандыруды қалай тиімді ұйымдастыруға, энергияны тұтынудың төмендеуін көрсетуге мүмкіндік береді.