Размер шрифта:
«Білімал. Электронды мектеп» АБЖ қашықтықтан оқыту» тақырыбы бойынша оnline-оқыту семинары
06-11-2020 16:58
«Білімал. Электронды мектеп» АБЖ қашықтықтан оқыту» тақырыбы бойынша оnline-оқыту семинары

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК 2020 жылдың 6 қарашасында ZOOM платформасында директорлардың ОТЖ жөніндегі орынбасарларына, ақпараттандыру жөніндегі орынбасарларына немесе әдіскерлерге, білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуға жауапты тұлғаларға (информатика мұғалімдері, инженерлер, зертханашылар), сонымен қатар Нұра және Бұқар-Жырау аудандарының білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ қашықтықтан оқыту бойынша онлайн форматта орыс тілінде оқытуды өткізді.

Оқытуды «Өрлеу» ИТО» ЖШС менеджері С.А.Амалбекова жүргізді. 

Сондай-ақ, барлық педагогтер үшін оnline-оқыту Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының youtube-арнасында тікелей көрсетілді және оnline-оқыту жазбасы youtube-арнасында сақталатын болады. 

Тыңдаушылар саны 231 адамды құрады.