2020 жылдың 06 қарашасында Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының тапсырмасы бойынша оқу-әдістемелік орталығы «Мектеп қауіпсіздігі командасы» облыстық жобасы аясында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық аспектілері» атты оқыту семинарын өткізді.
Семинарға Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал, Саран, Приозерск, Сәтбаев, Шахтинск қалаларының, Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка , Шет аудандарының білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары мен педагог-психологтары қатысты.
Семинар барысында мектептегі және отбасылық ортадағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу тәсілдері, кәмелетке толмаған зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеудің психологиялық тәсілдері қарастырылды.
Тыңдаушылардың жалпы саны 200 адамды құрады.