2020 жылдың 6 қараша күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен инновациялық және облыстағы мамандандырылған мектептер үшін ZOOM платформасы арқылы Қарағанды облысы білім басқармасының «№1 «Білім-инновация» лицей–интернаты «Құндылықтар негізінде тәрбие беру және ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты онлайн семинар өткізді.
Семинар барысында «№1 «Білім-инновация» лицей–интернатының ұжымы лицейде атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндады. Атап айтқанда:
- Н.Балғабайұлы, тарих пәнінің мұғалімі «Құндылықтарға негізделген білім беру»;
- Игенова Айгүл Ақмашовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Адамгершілік – құндылық»;
- Егинбаева Гульзинат Амировна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Жапабаева Меруерт Секербаевна, тарих пәнінің мұғалімі және 8-сынып оқушылары: Жаңабайұлы Саидамир, Мекентай Әбілмансұр «Құндылыққа негізделген білім беру: зерделеу мен нәтиже»;
- Қанат Әлімжанұлы Егенбердиев, лицей директоры «Әкелер кеңесінің мектептегі орны мен ынтымақтастығы»
Өткізілген шара мазмұны жағынан өте тартымды, мағынасы терең болды. Тәжірибеге бағытталған семинар көпшілік көңілінен шықты.
Онлайн-семинарға Қарағанды облысының инновациялық мектептерінің 85-тен астам директорлар мен директорлардың орынбасарлары қатысты.