2015 жылдың 18 қыркүйек күні ББД ОӘО базасында «Мен және менің денсаулығым» жобасын жүзеге асырудың негізгі мәселелері бойынша шығармашылық топтың бірінші отырысы өтті.
«Мен және менің денсаулығым» жобасы Білім басқармасының бастамасымен Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды облыстық салауатты өмір салты орталығымен бірлесе отырып құрастырылды.
2015-2016 оқу жылында «Мен және менің денсаулығым» таңдау курсының бағдарламасы инновациялық мектептердің және Саран, Сәтпаев қалалары мен Бұқаржырау ауданының (әрбір аймақтан 2 мектеп) 5, 9 сынып оқушылары үшін эксперимент түрінде ұсынылды.
5, 9 сыныптарда аптасына 1 рет, әрбір сыныпта 34 сағаттан өткізіледі. Сабақты жүргізу мектеп әкімшілігінің шешіміне қарай биология, валеология пәні мұғалімдеріне және педагог-психологтерге ұсынылады.
Қазіргі уақытта 5-сынып оқушыларына арналған дәптер, 6, 10-сынып оқушыларына арналған курс бағдарламасы әзірленуде. Сонымен қатар, сабақты жоспарлау және талдау бойынша әдістемелік көмек көрсету, сауалнама және алғашы реттік нәтижелерге мониторинг жүргізу мақсатында мектептерге бару жоспарланды.