Күзгі мектеп аясындағы олимпиадаға дайындық шебер-сыныптар.
10-11-2020 17:20
Күзгі мектеп аясындағы олимпиадаға дайындық шебер-сыныптар.

Бүгін 10.11.2020 2-ші күн  Қарағанды облысында ББД оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Күзгі мектеп аясында «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл атындағы ММИ интернаттың математика пәні мұғалімі Мұхамеджанова М.А., ағылшын тілі пәні мұғалімі Жалғаспаева Р.А., орыс тілі пәні мұғалімі Бекбулатова Г.И. өз тәжірибелерімен бөлісті.

 Мұғалімдеріміздің шебер-сыныптары тыңдаушылар тарапынан өте үлкен бағаға ие болды. Көптеген бұрын тыңдаушылар білмеген көмекші құралдар айтылды. Олимпиадаға оқушыларды дайындау мәселесі жан-жақты қарастырылды.