«Күзгі мектеп» аясындағы олимпиадаға дайындық шебер-сыныптар.
11-11-2020 17:30
«Күзгі мектеп» аясындағы олимпиадаға дайындық шебер-сыныптар.

2020 жылдың 11 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Күзгі мектеп» аясында «Дарын», «Мұрагер», БИЛ№1, БИЛ№2, БИЛ№3, IT лицейлерінің Zoom платформаларында Online-режимінде «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» бойынша, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған шебер-сыныптары өтті.

 Қарағанды қаласының «Мұрагер» ММИ-ның физика пәнінің мұғалімі Оңғаров Зейін, «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінің» биология пәнінің мұғалімі Бақытқызы Перузия, «БИЛ№2» география пәнінің мұғалімі Азатқызы Қымбат, «С. Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина А.Е.  оқушыларды олимпиадаға дұрыс дайындаудың тиімді жолдары мен негізгі бағыт-бағдары қандай болуы керек екенін практикалық тұрғыда көрсете білсе, «Н.Нұрмақов атындағы» ММИ-ның информатика пәнінің мұғалімі  Ибраева Ж.Б., «№92 гимназияның» химия пәнінің мұғалімі Хасенова Г.М., «№93 гимназияның»  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Арынбекова Д.М. және Журавлева Н.Г. олимпиадалық үй тапсырмаларын , жеке өзіндік жұмыс тапсырмаларын беру жұмыстары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. 

«Н.Нұрмақов атындағы» ММИ-ның информатика пәнінің мұғалімі  Муслим Е.М., «№38 гимназияның» математика пәнінің мұғалімі Окунева О.А. оқушылардың білім мен білік деңгейін, интеллектуалдық, логикалық тапсырмаларды орындау жолдарын, «Жамбыл атындағы» ММИ-ның ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Садвакасов Ш.А. мен «№93 гимназияның»  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шайхутдинов Р.Г. шет тілінен өзіндік қабілетіне жол ашатын әр түрлі инновациялық технологияларды практикалық түрде қолдану жолдарымен таныстырды. Саран қаласының «№17 мектеп-гимназиясының», «Жамбыл атындағы» ММИ-ның тарих пәнінің мұғалімдері Максименко Н.В мен Табынбекова М.А. Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін тереңдетіп, одан әрі білімдерін жетілдіруде күрделі құрылымды олимпиадалық тапсырмаларды орындау жолын қарастыру және жүйелі түрде орындау тапсырмаларын ұсынса, «№93 гимназияның» химия пәнінің мұғалімі Тимошкина И.Н., Балқаш қаласының «№10 ЖББОМ-нің» биология пәнінің мұғалімі Гурова Л.П., «№38 гимназияның» география пәнінің мұғалімі Ганиева Л.М. оқушыларды олимпиадаға ынталандыру үшін, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолданудағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Мұғалімдеріміздің шебер-сыныптары қатысушылар тарапынан өте үлкен бағаға ие болды. Пән мұғалімдері олимпиадаға дайындаудың түрлі әдістемелік тәсілдерін меңгере отырып, дайындау үрдісінің мәні және құрылымы жөнінде айқын түсінікке ие болды. Олимпиадаға оқушыларды дайындау мәселесі ауқымды түрде қарастырылды.