Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу
2020 жылдың 09-12 қараша аралығында Күзгі мектеп шеңберінде оқу-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Қарағанды облысының педагог-психологтары үшін, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқыту семинарлары өткізілуде.
Семинарлардың мазмұны төрт бағытқа негізделген: «Мектеп персоналын оқыту», «Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру», «Оқушылардың хабардарлығын арттыру», «Тәуекел тобындағы» оқушыларды анықтау». Әр бағыт бойынша тыңдаушылар теориялық білім алып қана қоймай, қашықтықтан оқыту жағдайында жобаны іске асыру бойынша практикалық ұсыныстар алады.